Қаржы • 17 Тамыз, 2023

Доллар бағамы 8 теңгеге көтерілді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,90 теңгеге көтеріліп, 463,1 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы 8 теңгеге көтерілді

Фото: ашық дереккөз

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап төмендеп, 62,93 теңгені (+1,23) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 496,1 теңге, рубльді 4,7 теңге деп белгіледі. 

Ақша айырбастау орындарында доллар - 461,5-465 теңге, еуро - 500,5-505 теңге, ресей рублі - 4,89-5,09 теңге аралығында сатылып жатыр.

16 тамызда KASE биржасындағы шетел валюталары бойынша сауда-саттық қорытындысы бойынша, кешкі сессиядан кейін доллар бағамы күрт көтеріліп, 6 теңгеге жуықтап, 455,29 болды.

Бұл ретте әлемдік биржаларда мұнай бағасының төмендеуі тіркелді. Астана уақыты бойынша сағат 15:38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері 0,43%-ға арзандап, барреліне 83,74 долларды құрады, ал қыркүйектегі WTI фьючерстері 0,35%-ға арзандап, 79,67 долларды құрады.