Елорда • 17 Тамыз, 2023

Елорда тұрғындары үй жануарларын тегін тіркей алады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін иттері мен мысықтарын тегін чиптеп, үй жануарларын Tanba жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркей алады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары үй жануарларын тегін тіркей алады

Фото: ашық дереккөз

Елорда тұрғындары үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервиске» мына мекенжай бойынша тегін чиптей алады: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО), тел.+7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет.

Сонымен қатар Астана тұрғындары өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады.