Спорт • 17 Тамыз, 2023

ХІХ жазғы Азия ойындарында ел байрағын ұстап шығатын спортшылар анықталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

ХІХ жазғы Азия ойындарында ел байрағын ұстап шығатын спортшылар анықталды

Фото: Instagram/drs_kz

Ханчжоуда өтетін 2023 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетикадан ұлттық құрама үздігі Надежда Дубовицкая ұстап шығады.

Асланбек Шымбергенов - бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ал Надежда Дубовицкая - жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.

Айта кетсек, жазғы Азия ойындарының басталуына 37 күн қалды.

Спортшылар барлығы 474 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жарыстар 61 спорт түрі бойынша өтеді, оның 45-і олимпиадалық, 16-сы олимпиадалық емес спорт түрлері.