Спорт • 19 Тамыз, 2023

Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген чемпионмен екі титул үшін айқасады

4508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта дивизионда WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) екінші белбеу үшін жұдырықтасады, деп жазады Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген чемпионмен екі титул үшін айқасады

Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметінше, Ж. Әлімханұлы IBF белбеуіне ие Германия боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) рингке шығады. 14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қаласында Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы чемпиондығын үшінші рет қорғайды. 

Рингке кейінгі рет 1 шілдеде шығып, төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалкаоны жеңіп, Г. Головкин бос қалдырған IBF титулын иеленген В. Гуальтьери бұған дейін Германиядан тыс басқа елдердің рингтерінде бокстасып көрмеген екен.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024