Әлем • 21 Тамыз, 2023

Әлемдегі ең ыңғайсыз дүкен альпинистерге арналған

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Pravilamag басылымының хабарлауынша «Әлемдегі ең ыңғайсыз дүкен» Қытайдан табылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Әлемдегі ең ыңғайсыз дүкен альпинистерге арналған

Фото: Әлеуметтік желіден

Жерден 120 метр биіктегі тік жартасқа орналастырылған дүкенге әуелі Twitter желісінің қолданушылары назар аударып, содан кейін БАҚ өкілдері жаза бастаған.

Хуань провинциясының Синьючжай Ұлттық геологиялық паркіндегі ағаштан жасалынған шағын дүкен альпинистерге арналған екен.

Басылым мәліметінше, дүкендегі азық-түлікті зиплайн көмегімен толтырады. Альпинистер ол жерден қажетті тіскебасар мен салқын сусындар және тауға шығу кезінде қажетті заттарды алады екен.

Әлеуметтік желі қолданушылары ондай дүкеннің барына таңғалған. Әрқилы пікір жазғандардың арасында сатушының күн сайын аталған дүкенге қайтіп шығатынына бас қатырғандар да болған.