Мектеп • 21 Тамыз, 2023

Ұлт ұстазы атындағы мектеп

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген білім ордасының ашылу рәсімі өтті.

Ұлт ұстазы атындағы мектеп

Бұл жаңа мектеп – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ордасы толық жеке инвестор қар­жысына салынған. Мектеп құрылтайшысы бастауыш сынып оқушыларын 100 пайыз тегін тамақпен, үлкен сыныптың үздік оқушыларын стипендиямен қамтамасыз ететінін айтып отыр. Сондай-ақ мектеп ғимараты соңғы үлгідегі материалды-тех­никалық базамен қамтамасыз етілген, оқушылар үшін бассейн қарастырылған.

«Amanat» партиясының «Ха­лық­пен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шым­кент қаласы бойынша сайлауал­ды бағдарламасын орындау мақ­сатында әзірленген Жол кар­та­сы­ның 34-тармағында мек­теп мә­селесі қарастырылған. Жоспар бойынша биыл 7 мектеп және қосымша 2 ғимарат пайдала­нуға берілмек. Жол картасында бел­гіленген мектептердің бірі – Сай­рам елді мекенінде орналасқан.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сын­ұлының есімі берілген білім ордасының ашылу рәсі­міне Парламент Мәжілісін­дегі «Amanat» партиясы фрак­циясының жетекшісі Е.Бей­сен­баев, қалалық партия филиа­лының төрағасы Б.Нарымбетов және жергілікті атқарушы билік өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

– Жыл сайын елімізде бірінші сынып табалдырығын аттайтын балалар саны артып келеді. Сөз жоқ, бұл өте жақсы үрдіс, алайда бірқатар өңірде осы балаларды мектепке сыйдыра алмай келеміз. «Amanat» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында мек­­теп тапшылығы мәселесін шешу­ді қарастырған. Жергілік­ті мәс­лихаттағы «Amanat» фрак­ция­сының депутаттары халық­қа берген осынау уәде­лердің уақтылы әрі сапалы орын­далуын өз бақылауына алды, – дейді Е.Бейсенбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024