Экономика • 22 Тамыз, 2023

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы

ptoday.ru

1 доллар құны – 452,34 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,80 теңге.

21 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,21 теңгеге төмендеп, 452,40 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453 – 457 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 453,5 – 457 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77 – 4,98 аралығында саудаланып жатыр.