Экономика • 23 Тамыз, 2023

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451 – 456 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Фото: klike.net

Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,5 – 456 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 452,5 – 456,5 теңге аралығында құбылып тұр.

22 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,74 тиынға қымбаттап, 453,14 теңге болған.

Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 453,13 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73 – 4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,75 - 4,85 теңгеден сатылуда.