Президент • 24 Тамыз, 2023

Тоқаев БРИКС мүшелерін Қазақстанда өтетін цифрлық форумға шақырды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін БРИКС саммитінде Мемлекет басшысы БРИКС мүшелерін келесі жылы Қазақстанда өтетін цифрлық форумға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев БРИКС мүшелерін Қазақстанда өтетін цифрлық форумға шақырды

«Біз бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің БҰҰ Жарғысына негізделген лайықты формуласын іздеуіміз керек. Осы мақсатта мен биылғы ШЫҰ саммитінде «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастама көтердім. Бұл бастама жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау ісін ілгерілетуге, сондай-ақ анағұрлым рационалды әлемдік саяси және экономикалық тәртіпті қалыптастыруға бағытталған», деді Президент.

Оның айтуынша, «БРИКС және «БРИКС Плюс» құрамындағы серіктестер ортақ игілік үшін осы бастаманы жүзеге асыру ісінде бірлесе әрекет ете алар еді.

«Сонымен қатар ШЫҰ, БРИКС және БРИКС Плюс құрамындағы елдер өте маңызды саналатын цифрлық орта, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік салаларындағы әлеуеттерін біріктіріп, ақпарат алмасуды кеңейткені жөн. Келесі жылы Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Цифрлық форумы өтеді. «БРИКС Плюс» аясындағы серіктестерімізді осы маңызды шараға қатысуға шақырамын», деді Мемлекет басшысы.