Білім • 25 Тамыз, 2023

Атырау облысында 81 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Атырау облысында 81 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

nur.kz

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлық белгілері бар істерді анықтады. Мысалы, мектептерде «қайтыс болған жандардың» жұмыс істеуі, қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әртүрлі қаржыландыру, бір адамның бір уақытта 4-5 мекемеде жұмыс істеуі, кейбір білім беру ұйымдарының басшылары лауазымдық жалақыларынан басқа үстеме жалақы алып отыруы», деді Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.

Аталған заңсыз әрекеттерді жою үшін облыстық білім басқармасына Департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданған.