Спорт • 26 Тамыз, 2023

Азия ойындарында жеті қазақстандық шаршы алаңға шығады

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның ерлер командасы  жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия ойындарында жеті қазақстандық шаршы алаңға шығады

Фото: Olympic.kz

Olympic.kz сайтының ақпаратынша Ханчжоуда өтетін (ҚХР) Азия ойындарының медальдары үшін қазақстандық жеті боксшы шайқасады: Сәкен Бибосинов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).

Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан  аралығында өтеді.