Қазақстан • 28 Тамыз, 2023

Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалады?

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Мерекеге орай Қазақстан халқы бір күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото: ашық дереккөз

Биыл 30 тамыз сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл айда тоғыз демалыс күні бар. Бейсенбі - 31 тамыз және жұма - 1 қыркүйек жұмыс күндері болады.

Ата Заң 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды. Биыл еліміздің Ата заңына 28 жыл толғалы тұр.