Білім • 28 Тамыз, 2023

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 28 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы

Фото: ptoday.ru

1 доллар құны – 460,17 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,89 теңге.

25 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,89 теңгеге төмендеп, 460,84 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461 – 465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 459,5 – 464 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71 – 4,94 аралығында саудаланып жатыр.