Экономика • 28 Тамыз, 2023

Доллар 3,21 теңгеге қымбаттады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Доллар 3,21 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,21 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 464,05 теңге.

Ұлттық банктің 28 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 460,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 461,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 464,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу құны– 466,5 теңге. Ресей рублі 4,74 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.