Қоғам • 29 Тамыз, 2023

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Фото: Антикордың баспасөз қызметі

Антикордың мәліметінше, шенеунік  өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып келген. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге болған.

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.