Білім • 30 Тамыз, 2023

«Болашақ» стипендиясы 172 азаматқа тағайындалды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді.

«Болашақ» стипендиясы 172 азаматқа тағайындалды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі рес­публикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссия шешімі­мен 172 азаматқа «Болашақ» халық­аралық стипендиясы тағайындалды. Олардың ішінде 138 стипендиат магис­т­ратурада, 8 адам докторантура­да білім алады, сондай-ақ 26 отандасымыз әлемнің жетекші жоға­ры оқу орындары мен өндірістік орта­­лықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағы­тында, ал қалған 40 пайызы қоғам­дық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңес­ші бірқатар нақты тапсырма берді.