Президент • 01 Қыркүйек, 2023

Бұрын-соңды болмаған түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды - Тоқаев

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрын-соңды болмаған түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды - Тоқаев

«Басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды», деді Президент.

Оның айтуынша, осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар.

«Біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс», деді ол.