Президент • 01 Қыркүйек, 2023

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

  • Президент Әкімшілігінің Басшысы;
  • Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
  • Президент Кеңсесінің Бастығы;
  • Президенттің көмекшілері;
  • Президенттің кеңесшілері;
  • Президент Әкімшілігінің бөлімдері.

Сондай-ақ Жарлыққа сәйкес:

  • ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
  • экономикалық мәселелер бойынша;
  • халықаралық мәселелер бойынша;
  • құқықтық мәселелер бойынша;
  • ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Хабарланғандай, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Оған қоса Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.