Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023

Астана полициясы есірткі тасушыны ұстады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың полицейлері  есірткі тасымалдаушы курьердің жолын кесіп құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана полициясы есірткі тасушыны ұстады

Астана қаласының полицейлері 24 жастағы күдіктіні ұстады. «Ол өз әрекеттерін үйлестірушінің нұсқауымен астаналық жастар арасында одан әрі тарату үшін «тауарларды» алған интернет-дүкеннің көмегімен жүзеге асырып отырғаны белгілі болды. Жеке тінту кезінде оның әмиянынан ұнтақ және түйіршіктер түріндегі зат салынған 35 бума тәркіленді. Тәркіленген зат салмағы 31 грамм мефедрон есірткі заты екені анықталды. Жас жігіт қамауға алынып, аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Негізгі айыпталушыларды анықтау және одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.