Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2023

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа орынбасар тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес әкімнің орынбасары болып 45 жастағы Ерсін Өтебаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: gov.kz

Ерсін Өтебаевтың мемлекеттік қызметтегі өтілі 11 жылдан асады. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқықтану. 2012 жылдан бастап «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (Талдықорған қаласы) маманы, 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы 15 ақпанға дейін – облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ (Талдықорған қаласы) маманы болып жұмыс істеді.

Соңғы 8 жыл ішінде «Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Ерсін Өтебаевтың алдына қаланы дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.