Спорт • 06 Қыркүйек, 2023

Азия чемпионатында қазақстандық биатлоншылар 51 медаль еншіледі

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында алғаш рет биатлоннан жазғы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан биатлоншылары 17 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Азия чемпионатында қазақстандық биатлоншылар 51 медаль еншіледі

Фото: Kazakhstan biathion union. Turar Kazanqapov

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша құрлық додасына Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея елдерінің спортшылары қатысқан. Үш жас санатында 130-ға жуық спортшы (ересектер, жасөспірімдер мен жастар) жарыстың үш түрінде 18 медаль жинағын сарапқа салған. Олар: жеке жарыс, супер-спринт және спринт.

Қазақстандық спортшылар жарыста көш бастады. Біздің биатлоншылардың қоржынында 51 медаль бар: 17 алтын, 18 күміс, 16 қола.