Қаржы • 06 Қыркүйек, 2023

Доллар бағамы қайта өсті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,41 теңгеге қымбаттап, 461,41 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы қайта өсті

Фото: ашық дереккөз

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,06 теңгеге (-0,17) дейін көтерілді.

Ұлттық банк еуро бағамын 494,28 теңге, рубль бағамын 4,71 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 461 - 464 теңге, еуро – 494,5 - 498,5 теңге, ресей рублі – 4,69 - 4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сондай-ақ бүгінгі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.
 
Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны барреліне 0,86%-ға арзандап, 89,27 доллар болды.
 
Ал NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,84%-ға арзандап, барреліне 85,96 доллар болды.