Спорт • 09 Қыркүйек, 2023

«Ұлы дала жорығынан» тағы бір команда шығып қалды

2241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысушы командалардың  шабандоздары бүгін  төртінші кезеңге аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлы дала жорығынан» тағы бір команда шығып қалды

Фото: joryq.kz

Төртінші кезеңге таңғы сағат 7:00-де аттанған шабандоздар Үшсарт ауылынан Талдысайға дейінгі 100 шақырымға аттарын сынайды. Алдыңғы үш кезеңде  250 шақырым жол артта қалды.  Үшінші кезеңде Жамбыл облысының командасы  көмбеге алдымен жетті,  Маңғыстау облысының шабандоздары екінші, Жетісу облысының командасы үшінші келді.

Екінші кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының коомандасы жарыстан шықса, үшінші кезеңде  Батыс Қазақстан облысының шабандоздары да бәйгені осы тұстан аяқтады. Марафон-бәйгенің бас төрешісі Надежда Купцова  батысқазақстандықтардың аттары тым жас болғанын, алыс жолға бақ сынайтын бәйгеге жаратпай әкеп қосқандықтан болдырып қалғанын айтты.