Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Нақты міндеттер айқындалды

134 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауынан түйгеніміз көп. Ушығып тұрған әлемдегі геосая­си жағдай экономикамызға да салқынын тигізіп тұрғаны анық. Осы алмағайып кезеңде тұрақты дамудың жолын табу қиынның қиыны.

Нақты міндеттер айқындалды

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Жолдаудан мемлекетіміздің кей­бір осал тұстарын қалай бекіте­міз, халықтың көкейіндегі түйт­кіл­дерді қайтсек тарқатамыз деген сауалдарға жауап алғандай болдық. Бастысы бұл белгісіз мерзімге жасалған жоспар ғана емес, дені ал­дағы үш жылда жүзеге асуы тиіс нақты міндеттер.

Президент талай жыл тамыр жайып, әр салада бір-бір қожайынға айналған монополистердің жауап­кер­шілігін арттыруды тапсырды. Әсіресе, өңірлердегі монополист компаниялардың әрекетіне бақылау жасар уақыт жетті. Содан соң шетелдерге, көрші мемлекеттерге энергетикалық тә­уел­­­сіз­дік­ке ұмтылудың өзек­ті­лі­гін баса айтты. Бұл ретте, жалпыха­лық­тық референдуммен шешім қа­был­­­да­нар Атом электр стансасын салу мәселесінің орны маңызды.

Еліміз негізінен транс­ше­ка­ра­лық өзендердің суына тәуелді. Биылғыдай қуаңшылық пен су тапшылығын алдын алу ұлттың қа­уіп­сіздігімен пара-пар өткір мәсе­ле. Осы орайда 20 су қой­ма­сын салып, 15 бөгенді реконструкциядан өткізуді тапсыруы стра­тегиялық тұрғыдан тарихи ше­шім. Өйткені ауыз су уақыт өткен сайын дүние жүзінде ең өзекті проблемаға айналды. Әрі осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Су ресурс­тары жөніндегі министрліктің құ­рыл­ғаны көзіқарақты жұрттың кө­ке­йін­де жүрген жай еді.

Жолдауда инфрақұрылымды жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау, цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қудалауды доғару сынды аса өзекті мәселелер кеңі­нен қамтылды.

Ендігі міндет Жолдауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру. Біз өз кезегімізде Мәжіліс депутаттары ретінде осы сессияда міндеттерді іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етеміз.

 

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ,

Мәжіліс депутаты