Кино • 12 Қыркүйек, 2023

Бүгін - Қазақ киносының күні

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 12 қыркүйек – Қазақ киносының күні. 2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков 12 қыркүйекті «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл мереке жыл сайын тойланып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін - Қазақ киносының күні

Фото: https://kazakhcinema.kz/

Алматы киностудиясы 1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен құрылған еді. Кейін 1960 жылы атауы «Қазақфильм» киностудиясы деп өзгертіліп, 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.

Бүгінде отандық кино саласы қарқынды дамып жатыр. Салалық заңның қабылдануы, ұлттық киноны қолдау орталығының құрылуы, Қазақстан бастамашы болған кинофестивальдердің жаңа сапалық деңгейге шығуы, қазақ фильмдерінің әлемдік кинофорумдарда мойындалуы және жоғары марапаттар алуы – мұның барлығы отандық кинематографтың үлкен әлеуетін білдіреді.