Ауа райы • 14 Қыркүйек, 2023

Алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

«Алдағы үш күнде шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады», делінген хабарламада.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10°, күндіз +13+20°, оңтүстікте түнде +7+15°, күндіз +18+25° болады.