Әлем • 14 Қыркүйек, 2023

Шығыс стиліндегі пойыз

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда Шығыс стилінде жасалған біре­гей пойыздар пайда болды. Жоба немістің Lernidee Erlebnisreisen туристік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған.

Шығыс стиліндегі пойыз

Мұндай алғашқы пойыз биылғы 12 сәуірде «Ташкент – Бұхара – Хиуа – Самарқанд – Камаши – Китаб – Түркістан – Бішкек – Алматы» бағыты бойынша жолға шыққан-ды. Бұл халықаралық туристік пойыздар ретінде аталады. Оларға мінген алғашқы жо­лау­шылар Германия, Шве­ция, Англия, Люк­сембург, Канада, Ин­до­не­­зия, Ирландия сияқты ел­­дер­ден келген туристер бол­ды.

Жылдың соңына дейін 10 осындай пойыз жолға шығады деп жос­парланып отыр. Келесі туристік чар­тер­лік пойыздар 2023 жыл­дың тамызы мен қа­заны ара­лығында іске қосы­лады. Ай­та кету керек, әр вагон Ба­тыс пен Шығыс стиль­­де­рінің қосындысы негі­зін­де безен­дірілген. Вагон­нан ва­гон­ға көшкенде жиһаздар, ин­терьер, ыдыс-аяқ, тіп­ті ас үй өз­гереді. Деген­мен ва­гон­­дарды бе­зендіруде өз­бек хал­қының ұлт­тық на­қыш­­тарына басымдық бе­ріл­ген. Нақтылай айтқанда, вагон қабырғалары шығыс ми­ниа­тю­ралары және өрнек­терімен айшықталған.

Айта кету керек, Шығыс елдерінің стилі этностық дизайн үрдісінің тұтас тобын си­паттайды. Бұған әдетте Азия мен Арабстан, Афри­ка және Мауритания, сон­дай-ақ Үндістан стилі кіреді. Бұл стиль этностық ою-өр­­нек­тер­мен безендірілген, ай­қын симметриялы тұрақты гео­метриялық пішінді жи­һаз­бен мазмұндалады. Жұм­сақ әшекейлердің барлық түр­і Шығыс стилінде орынды кө­рінеді. Кілемдер, жас­тық­тар, төсек жапқыштар, перделер, көрпелер өр­негі ту­ристерді бірден қызық­ты­рады.