Ауа райы • 15 Қыркүйек, 2023

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Синоптиктер ұсынған мәліметке қарағанда, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде екпінді жел соғады.

«Солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі», делінген хабарламада.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус жылы болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жылдың осы уақытына сай салыстырмалы түрде қолайлы болады: түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус жылы болады.