Экология • 15 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы: Суды барынша үнемдеу мәселесі өте өзекті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысында суды барынша үнемдеу үшін цифрлық технологияларды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы: Суды барынша үнемдеу мәселесі өте өзекті

Фото: ашық дереккөз

«Цифрлық технологияларды енгізу арқылы суды барынша үнемдеу мәселесі өте өзекті. Бұл біздің су ресурстары жөніндегі ынтымақтастығымыздың негізгі бағыты бола алады. Жуырдағы Жолдауымда мен су мәселесіне ерекше назар аудардым. Менің тапсырмам бойынша Қазақстанда осы саланың өзекті мәселелерімен тікелей айналысатын жеке ведомство – Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Барлық көршілес мемлекеттермен конструктивті қарым-қатынас жасаймыз деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.