Ауа райы • 18 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда 1 градусқа дейін аяз болады

781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 1 градусқа дейін аяз болады

Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ жаңбыр мен көктайғақ күтіледі.

«20-21 қыркүйекте батыс антициклонының екпіні Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысына жауын-шашынсыз ашық ауа райын әкеледі, түнде және таңертең республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы түнде 5-18 градус жылы, күндіз 18-28 градустан 20-31 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 3-11 градусқа дейін төмендейді, күндіз 13-25 градусқа дейін көтеріледі, сондай-ақ топырақ бетінде 1 градус аяз түседі.  

Орталықта түнде 2-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 13-21 градус жылы болады, Шығыста түнде 3-11 градус, күндіз ауа температурасы 10-18 градус жылыны көрсетіп тұр. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 8-13 градус, таулы аймақтарда 2-3 градус аяз, күндіз 15-25 градус, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді.