Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023

Жамбыл облысында дін мәселелеріне арналған семинарлар өтті

190 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында дін мәселелеріне арналған семинарлар өтті

14-15 қыркүйекте Тараз қаласындағы Ark MS қонақүйінің мәжіліс залында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ мамандары, имамдар, психологтар, теологтар қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын, нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы, теология маманы, PhD докторы Ботақараев Бауыржан, дінтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам  мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының доценті, PhD Абылов Тұңғыш Талғатұлы семинар оқыды.

з

Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбы аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.

з

Ботақараев Бауыржан «Діндарлық пен діншілдіктің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс істеді. Сондай-ақ «Қазақстанның қазіргі діни ахуалы» тақырыбында өткен дәрісте Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Сейітқали Мирзада Шахманұлы «Влияние детских травм жизнедеятельность личности» тақырыбы аясында қатысушыларға күрделі проблемалар мен асқынып тұрған мәселелерді  түсіндіре отыра, ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілер және онымен күрес жолы жайында айта кетті. Оның үстіне, «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбымен мамандарға жұмыс барысында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері мен оңалту қағидалары туралы сөз қозғады.  

Абылов Тұңғыш Талғатұлы «Діндарлық әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде» тақырыбында кездесіп, діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді. Келесі кезекте, «Қазақстандағы тәңіршілдік: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында семинар оқып, жалпы түрік халқының діни-наным ұстанымы және оның тарихы, тәңіршілдік ілімінің жағдайы туралы айтты.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар дәріскерлерге сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.