Қаржы • 19 Қыркүйек, 2023

Доллар қымбаттады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге көтеріліп, 471,45 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қыркүйектегі бір долларға арналған ресми бағамы 469,31 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 470,65 теңгені, сатылымы 473,30 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,95 теңгеден сатып алынып, 473,45 теңгеден сатылып жатыр.