Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023

Елімізде 13 миллион кибершабуыл бұғатталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ биыл тамыздағы нәтиже бойынша кибершабуылдың айтарлықтай азайғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Елімізде 13 миллион кибершабуыл бұғатталды

Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдалана отырып бұғатталған кибершабуыл саны 13 миллион болған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 3,3 есе аз.

Қазақстандағы мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының желілерінде ботнеттің ең көп таралған түрлері - Аndromeda, Botnet, Mozi.Botnet және Mariposa.Botnet.

Алдыңғы аймен салыстырғанда зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету түріндегі ақпараттық қауіпсіздік фактілері 53,8%-ға азайды. Фактілердің дені жергілікті атқарушы органдарда және квазимемлекеттік секторда тіркелген.

Securitylab-тың мәліметі бойынша, Andromeda 80 түрлі зиянды бағдарламалар тобын қамтитын ең көне және тұрақты ботнеттердің бірі. Ол спам тарату, деректерді ұрлау, DDoS шабуылдары және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылады. 2017 жылдың желтоқсанда бірнеше елдің қауіпсіздік мамандары мен құқық қорғау органдарының бірлескен операциясының нәтижесінде ішінара жойылды.

Егер сіз ақпараттық шабуылды байқасаңыз, 1400 нөмірі бойынша (тәулік бойы, тегін), @kz_cert_chat_bot telegram-ботына немесе [email protected] (email) поштасына жазуға болады.