Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023

Ресейлік блогер қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік блогер Иван Червинский Instagram парақшасында Қазақстанға қалай келгенін, қазақ тілін қалай үйренгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік блогер қазақ тілін қалай үйренгенін айтты

Иван Червинскийдің Қазақстанға келгеніне 100 күн болыпты. Ол мұнда Құрбан айт мерекесі кезінде фестивальге қатысу үшін шақыртылған. Сол сәтте фестиваль техникалық себептерге байланысты өтпей қалып, ол осында тіл үйрену үшін қалған.

«Қазақ тілінде тілдесу клубына қатыстым. Күнделікті онлайн режимде сабақ оқып, үй тапсырмаларын орындап жүрдім. Сондай-ақ джиу-джитсудан қазақ тіліндегі жаттығуларға барып тұрамын. Мұнда қазақ және орыс тілдерін бірге біліп өмір сүру ыңғайлы. Барлығы менің білмеген тұсымды айтып, көмек қолын созуға әзір тұрады», деді ол.

Иван Червинский қазақ тілінде хабарлар жүргізгісі келетінін де жеткізді. Өз балаларының да қазақ тілін білгенін қалайды. 

Осы жылы 27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ресейлік блогерді Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Алғыс хатпен марапаттаған болатын.