Туризм • 20 Қыркүйек, 2023

Дертке дауа табиғат

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлт­тық статистика бюросының дерегі бойынша, елімізде 173 шипа­жай-курортты мекеме жұмыс істейді. Қазақстанда кенжелеп қал­ған туризмнің бұл саласы кейінгі жылдары ішкі және шет­ел­дік туристер арасында кең танымалдылыққа ие бола бастады.

Дертке дауа табиғат

Туризм және спорт министрлігі ұсынған мәліметке сай, еліміздегі қолайлы климаттық жағдай, күн сәулесі, бірегей минералды қай­нар көздер мен емдік балшық орын­дары емдеу-сауықтыру ны­сан­дарының дамуына зор сеп­тігін тигізіп жатыр. Мысалы, оң­түс­тіктегі Сарыағаш шипажай­ы қабыну процесін емдеуге және адам ағзасының жалпы жағ­дайына оң әсер ететін, сондай-ақ ұзақмерзімді аурудан кейін им­мунитетті қалпына келтіруге кө­мек­тесетін минералды қайнар көздерімен танымал. Айта кету ке­рек, Сарыағаштың Көктерек кен­ті еліміздегі шипажайлар ең көп шоғырланған мекен саналады.

Сонымен қатар Шығыс Қазақ­станның Катонқарағай ауда­нын­дағы термалды радон қайнар­лары емдік қасиеттері бойынша ха­лықаралық сауықтыру орындарынан кем түспейді. Сондай-ақ бұл шипажай – эндокриндік ауруларды емдеуге көмектесетін таптырмас орындардың бірі. Аталған өңірдің табиғаты жазда да, қыста да бірдей. Сондықтан жергілікті шипажай туристерге курортты аймақтарға жылдың кез келген уақытында демалуға мүмкіндік береді.

Ал еліміздің батысында орна­ласқан шипажайлар буын, жүйке жүйесін, гинекологиялық және урологиялық патологияларды, сондай-ақ тері ауруларын емдеуге және алдын алуға бағытталған. Бурабай және Қостанайдағы қа­ра­ғайлы ормандарының эколо­гиялық таза ауасы, емдік бал­шығы, әдемі таулы ландшафт және бі­регей табиғи көрікті жерлер ден­сау­лығын жақсартқысы келе­тіндер үшін тағы бір сұра­нысқа ие шипажай-курортты аймаққа айналып келеді.

«Қазақстан сауықтыру ту­ризімін дамыту үшін түрлі ту­рис­тік-рекреациялы ресурстарға ие. Ши­пажай-курортты кешендердің көпшілігі жыл бойы жұмыс істейді. Бұл маусымнан тыс уақытта ба­ғаны төмендетуге мүмкіндік бе­реді. Сол арқылы демалыс пен ем­деуді одан әрі қолжетімді етеді. Кей­бір пансионаттар атпен серуен­деу, тарихи және табиғи көрікті жерлерге экскурсиялар жүргізу, әртүрлі спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. бірқатар қосымша қызметті де ұсынады», деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024