Спорт • 21 Қыркүйек, 2023

«Ризамыз саған, Ризабек!». Елге оралған балуандарға батырға лайық құрмет көрсетілді

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында көк туымызды желбіретіп, абыройымызды асқақтатқан  балуандарды    жанкүйерлер құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ризамыз саған, Ризабек!». Елге оралған балуандарға батырға лайық құрмет көрсетілді

kazwrestling_official

Еркін күрестен Қазақ елінен шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан (92 келі) мен әлем чемпионатының қола жүлдесін және 86 келі салмақта келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасын  олжалаған   Азамат  Дәулетбековті Алматы әуежайында жанкүйерлер құрметтеп қарсы алды. Еркін күрестен 1 алтын, 1 қола медаль олжалаған балуандарымыз жалпыкомандалық есепте  бестікке енді.