Ауа райы • 22 Қыркүйек, 2023

Батыс Қазақстанда 30 градус ыстық болады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда 30 градус ыстық болады

Мамандардың айтуынша, батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз елдің батысында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін ыстық болса, солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы 18-23 градусқа дейін жылы болады. Ал, республиканың шығысында ауа температурасы 7-13 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік облыстарда, Қарағанды ​​облысында жаңбыр жауады.

Республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда түнде  бұрқасынға ұласуы мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін суық болады.