Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023

Бүгін - Еңбек күні

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 24 қыркүйек елімізде Еңбек күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін - Еңбек күні

Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр елде атап өтіледi. Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде тойланады.

Бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді.

Сондай-ақ елімізде еңбек адамының беделін арттыру мақсатында «Еңбек ардагері» медалі мен «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары ерекшелік белгісі бекітілген.