Хоккей • 24 Қыркүйек, 2023

«Барыс» тағы жеңілді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жатқан елорданың «Ба­рысы» тұрақты лиганың кезекті тур ойынында тағы да жеңіліп қалды. Ан­дрей Скабелка шәкірттері бұл жолы Но­во­сібірдің «Сибирь» командасынан басым түсе алмады.

«Барыс» тағы жеңілді

10 мыңнан аса жанкүйер тамашалаған «Сибирь-Арена» спорт кешеніндегі матчтың бірінші кезеңі тең дәрежеде өтті. Кездесудің небәрі төртінші минутында «Сибирь» хок­кейшісі Павел Гоголев ойынның есебін аш­қанымен, үзіліске дейін Райли Барбер сан басым­дығын жүзеге асырып, таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде де екі команданың айқын басымдығы байқала қойған жоқ. Тек ойынның 32-минутында айдын иелері бір ойын­шыға көп болып ойнаған сәтті пайдаланып, есепте тағы да алға шығып алды. Шайба ав­торы – Иван Климович. Өкінішке қарай, «Ба­рыс» ойыншылары бұл кезеңде гол соға алмады.

Үшінші 20 минуттықта айдын иелері мұзайдында еркін көсіліп, «Барыс» қақпасын екі мәрте дәл көздеді. 45-минутта Энди Ан­дреофф тағы да сан басымдығын жүзеге асырса, ойынның аяқталуына бір минут қалғанда Тэйлор Бек бәсекенің нүктесін қойды. 50-минутта Райли Барбер екінші мәрте көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқанымен, командасын жеңілістен құтқарып қала алмады. Қорытынды есеп – 4:2.

Жерлестеріміз келесі ойынын бүгін Ниж­некамскіде «Нефтехимикпен» өткізіп, елор­даға оралады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024