Спорт • 25 Қыркүйек, 2023

Азия ойындары: Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының 24 қыркүйектегі жарыс нәтижесін Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия ойындары: Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қолаға қол жеткізді.  

Қазіргі бессайыстан Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиадалық жолдама иеленді.  

Спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығу бойынша финалға шықты.  

Бокстан Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға өтті.

Шахматтан Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті. Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.  

Гандболдан әйелдер құрамасы топтық кезеңде Таиланд құрамасын 44:20 есебімен ұтты.  

Теннистен Бейбіт Жукаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді - 6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне өтті.  

Жағажай волейболынан Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасындағы ширек финалға өтті.