Оқиға • 25 Қыркүйек, 2023

Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баспалдақтан құлап кетті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Астанадағы мектептердің бірінде екінші сынып оқушысы баспалдақтан құлап, жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат тарады. Белгілі болғандай, қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол жансақтау бөліміне жатқызылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баспалдақтан құлап кетті

видеодан скриншот

«Астанадағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы 2-қабатқа көтеріліп бара жатқанда баспалдақтан құлап кетті (қоршаулар бар). Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды», деп түсіндірді елорданың білім басқармасы.

Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. Жансақтау бөліміне түскен жоқ.

«Мектепте баспалдақ қоршаулары бар. Білім басқармасы мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.