Теннис • 25 Қыркүйек, 2023

«Astana Open» турнирі басталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордадағы Ұлттық теннис ор­та­­­лығында теннистен әлемдік дең­гей­­дегі дәстүрлі «ATP 250 Astana Open» турнирінің шымылдығы түрілді. Биыл үшінші мәрте өткізіліп жатқан жарыста әлемің бірқатар танымал тен­нисшілері бақ сынайды.

«Astana Open» турнирі басталды

26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында елордада өтетін хард төсеніштегі ATP 250 додасына әлемдік рейтингте ТОП-50 теннисшінің қатарына енетін он спортшы қатысады. Атап айтқанда, олардың қатарында хорватиялық Борна Чорич (23 АТР), нидерландтық Таллон Грикспор (24 АТР), чехиялық Иржи Легечка (29 АТР), америкалық Себастьян Корда (31 АТР), аргентиналық Себастьян Баэс (32 АТР) бар. Сондай-ақ Қазақстан астанасында франциялық Адриан Маннарино (35 АТР), сербиялық Ласло Джере (38 АТР), аустралиялық Алексей Попырин (41 АТР), швейцариялық Стэн Вавринка (49 АТР), еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик (27 АТР), тағы басқа спортшылар өнер көрсетеді.

Өз жерімізде ұйымдастырылып жатқан беделді жарыста Александр Бубликтен бөлек, Михаил Кукушкин (WC), жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов ел намысын қорғайды. Турнир жеңімпазы әлемдік рейтингте 250 ұпай олжалайды.