Өнер • 26 Қыркүйек, 2023

Димаш арқылы Қазақстанды таниды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ХІХ Азия ойындарындағы спортшылардың нәтижесіне көңіліміз толмай, үнжырғамыз түсіп жүргенде Ханчжоуда журна­листерге жолды көрсетіп жүрген волонтерлер, қонақ болып келген қытайлықтар бізге Димаш Құдайбергенді танитындарын айтып, қуантып тастады.

Димаш арқылы Қазақстанды таниды

Азия ойындарында журналистер ақпарат тарататын МРС-де волонтер болып жұмыс істеп жүрген Жиалинг Сонг волонтер болған ұнайтынын, Димаш Құдайбергенді танитынын, ән­дерін тыңдайтынын айтты.

– Маған халыққа қызмет көрсеткен ұнайды. Волонтер болуға өзім ынта білдірдім. Әри­не, оңай емес. Бірақ қызық жұ­мыс қой. Көптеген елден келген адам­дармен, журналистермен сөйлесесің. Біз журналистердің жағдайын жасауға, сұраған, білме­гендерін үйретуге, көрсе­туге дайынбыз. Азия ойындарын­да бар­лық команда елдеріне құр қайт­пай, медаль алса екен деймін.

Қазақстанды мен сіздердің әншілеріңіз Димаши (Димаш Құдайберген – ред.) арқылы білемін. Ол – өте танымал әнші, сымбатты жігіт. Егер де осы жақта концертін берсе, міндетті түрде барамын. Мен секілді біраз волонтерлер оны таниды, деді волонтер қыз.

Ал дүбірлі доданы тама­ша­лауға Бейжіңнен арнайы келген Дэн Юэ біздің ел дзюдо­шы­­­лардың белдесуін тамаша­ла­ғанын, Димаш Құдайбергеннің кон­цертін көргенін айтады.

– Мен қазақстандық дзюдо­шылардың өнерін тамаша­ла­­дым. Қазақстанда да ірі халық­ара­лық іс-шаралар өтіп жатқа­нын біле­мін. Мен сіздерде 2017 жы­лы ЭКСПО көрмесі болғанын білемін.

Иә, Димаштың концертін көр­­дім, өте керемет! Қазақстан­нан кел­ген спортшылар мен жан­күйер­лерге алыстан келіп, Азиадаға қатысқаны үшін рахмет. Бұл өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі, деді Азия ойындарын тамашалауға келген Лю Пэньчжань.