Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2023

«Алматы ғана емес». Қай өңірлерде жер сілкіну қаупі бар?

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістің экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінің кеңейтілген отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстандағы жер сілкіну қаупі бар аймақтарды атады, деп жазады Egemen.kz.

«Алматы ғана емес». Қай өңірлерде жер сілкіну қаупі бар?

Фото: Stan.kz

Ведомство басшысының айтуынша, кез келген табиғи жер сілкінісі техногендік жер сілкінісін тудыруы мүмкін. Алматыда ғана емес, бүкіл Батыс Қазақстан аумағында, әсіресе мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру жүргізіліп жатқан жерлерде аталған қауіп бар.

«Мысалы, мұнай айдау ісі себебінен Атырау облысында бұл қауіп бар. Маңғыстау облысы 8-9 балдық аумаққа жатады», деді министр.