Спорт • 27 Қыркүйек, 2023

Бесінші орынға тұрақтады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзияның Лангкави қаласында өтіп жатқан велоспорттан «Лангкави турының» бесінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

Бесінші орынға тұрақтады

Слим-Ривер мен Гентинг Хайлендс қалаларын жалғаған бесінші кезеңде велошабандоздар 126.4 шақырым жолды жүріп өтті. Аталған қашықтықты бірінші болып «EF Education-EasyPost» командасының өкілі Саймон Карр бағындырса, екінші және үшінші орындары эквадорлық Джефферсон Александр («EF Education-EasyPost») мен испания­лық Пабло Кастрильо («Equipo Kern Pharma») өз­ара бөлісті. Ал «Астана» сапынан бұл кезеңде үздік нәтижеге Вадим Пронский ие болды. Ол мәре сызығын бесінші болып кесті.

Бесінші кезеңнен кейін жалпы есепте Саймон Карр көш бастап келеді. Оның уақыт көрсеткіші – 19 сағат 25 минут 10 секунд. Карр­дан 1 минут 15 секундқа қалып келе жат­қан В.Пронский бесінші орында тұр.