Президент • 29 Қыркүйек, 2023

Президент Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германяға ресми сапармен барған Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев   Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Euler Hermes агенттігінің басқарма мүшесі Эдна Шёнені қабылдады

akorda.kz

«Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде қаржылық сақтандыру саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, тәжірибе алмасу және оқу бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Мемлекет басшысы Euler Hermes агенттігінің Қазақстан үшін маңызды серіктес екеніне назар аударды. Компания кредитті сақтандыру ісінде жаһандық көшбасшы саналады және кешенді қаржылық шешімдер жасайтын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі – Allianz Group тобының құрамына кіреді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан даму банкі мен Helaba банкі арасында Қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны жөнінде мәлімет берілді», делінген хабарламада.  

Осы келісім бойынша алдағы уақытта  AltynAlmas Reagents компаниясының цианид натрий өндіретін химиялық зауыт салу үшін 100 миллион еуро бөлу  шаруасы жүзеге асырылады.