Спорт • 29 Қыркүйек, 2023

Қазақстан семсерлесушілері - Азиаданың күміс жүлдегері

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимовтардан құралған Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz

Қазақстан семсерлесушілері - Азиаданың күміс жүлдегері

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Финалда біздің спортшылар Жапония командасына есе жіберді.

Айта кетсек, бұл күміс жүлде - Азия ойындарында Қазақстан командасының семсерлесуден үшінші медалі.

Кеше спортшыларымыз командалық жарыста қола жүлде еншілеген, ал Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші орынды жеңіп алған еді.