Тұлға • 01 Қазан, 2023

Тұңғышбай Жаманқұлов «Түркі әлемінің» жоғары марапатына ие болды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан кинофестивальде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін» жоғары марапатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Тұңғышбай Жаманқұлов «Түркі әлемінің» жоғары марапатына ие болды

Фото: www.fakebook.com

Аталған марапатты Түрксойдың төрағасы Сұлтан Раев табыстады.

Еске салайық, актер, режиссер, театр педагогы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов 1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Абай ауылында туған. Қазақстанның халық әртісі (1992 ж), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992 ж), Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006 ж), Парасат және Достық ордендерінің иегері.

Фото