Футбол • 05 Қазан, 2023

Испаниямен ойнайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан жастар құра­масы қазан айында Еуро-2025 ірік­теу ойындарының топтық кезеңінде кезекті ойын өткізеді.

Испаниямен ойнайды

Аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов шәкірт­тері 17 қазан күні 2025 жылғы Еуропа чемпио­натына іріктеу кезеңі аясында Испа­ния жастар құрамасымен ойнайды. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді деп жоспарланған. Ойын Астана уақыты­мен 19.30-да басталады. Билеттер жуырда ticketon.kz сайтында сатылымға шығады. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Испа­ния, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бірге «В» тобына түсті.

Қыркүйек айында жерлестеріміз екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды. Алғаш сырт алаңда Бельгия жастарынан 1:0 есебімен жол берсе, араға үш күн салып Будапештте Мажарстаннан 2:1 есебімен жеңілді.