Қоғам • 05 Қазан, 2023

Семейді кезген «елес» ұсталып, айыппұл салынды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында «елес» кейпіне еніп, арнайы костюм киіп, жерасты өткелінде тұрғындарды қорқытқан қала тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейді кезген «елес» ұсталып, айыппұл салынды

Фото: POLICE_of_KZ

«Семейдегі елес қыз ұсталды. Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны «елес» костюмін киіп, қала тұрғындарының үрейін ұшырған еді. Полицейлер қоғамдық жерде көпшіліктің тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген  ақпаратта.  Абай облысының  Полиция департаменті тұрғындардан қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауға шақырды.